L'OR құпиялық саясаты

Қолданылу аясы

«L'OR»-дың осы Құпиялық саясаты, «L'OR» өнімдеріне және осы сайтқа байланысты «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС БВ» компаниясының, оның аффилирленген және еншілес компанияларының («JDE») дербес деректерді жинауын, пайдалануын және өңдеудің басқа да түрлерін реттейді. Осы сайтты қолдана отырып, сіз осы Құпиялық саясатының шарттарын түсінесіз және қабылдайсыз.

 

Уақыт өткен сайын біздің интернет-сайт басқа компаниялардың немесе ұйымдардың интернет-сайттарына сілтемелер ұсыны мүмкін. Сізге осы сайттардың құпиялық саясатымен мұқият танысу қажет, өйткені олар осы Құпиялық саясатынан ерекшеленуі мүмкін.

 

Сіздің ақпаратыңыз үшін кім жауапкершілікте болады ?

«ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС ҚАЗАҚСТАН» ЖШС, БСН 141240017923, тіркелген мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050012 / A05H0E3, Алматы қ., Алмалы ауданы, Төле би 101, сіздің дербес деректеріңізді жинаудың және өңдеудің барлық кезеңдері үшін жауапты заңды тұлға болып табылады. 

 

Біз дербес деректерді не үшін жинаймыз?

Сіз сайтта тіркелуге шешім қабылдасаңыз немесе бізбен басқа да түрде байланысқа шықсаңыз, сайт аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, тұрғылықты мемлекетіңіз, тұжырым және электронды мекен-жай сияқты дербес деректерді, және де сіздің «L’OR» өнімдеріңіз (сіздің пайдалануыңыз) туралы кейбір қосымша ақпараттарды сұрайтын болады.  Бұл ақпарат бізге келесілермен  көмектеседі:

  • Сізбен жеке тұрғыда хабарласуға, мысалы, сіздің пікіріңізге немесе қызмет сұраныстарыңызға жауап беруге, немесе егер сіз осындай ақпаратты алуға шешім қабылдасаңыз, «L’OR» өнімдері туралы ақпаратты жолдауға;
  • сіздің «L’OR» өнімдерін сатып алуыңызға әкімшілік жасау және орындау;
  • сіздің  «L’OR» дербес аккаунтыңызға әкімшілік жасау;
  • сіздің сайыстарға, промо іс-шараларға, сауалнамаларға қатысуыңызға немесе сайттың басқа функцияларын пайдалануыңызға әкімшілік жасау;
  • нарыққа талдау жасауға және біздің жұмысымызды жақсартуға;
  • статистика жүргізуге;
  • тура маркетинг аясындағы ақпараттарды қоса алғанда, промо және маркетингтік ақпараттарды жолдауға;
  • кез келген сұраныстар мен шағымдарды қарастыруға;
  • сізге жеке негізде сіздің профильге сәйкес келетін басқа бос орындар туралы хабарлауға.

Ақпаратты жинау сәтіндегі немесе кезіндегі басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға.

 

Біз сіздің дербес деректеріңізді қалай жинаймыз?

Сіз бізге өзіңіздің дербес деректеріңізді әртүрлі тәсілдермен ұсына аласыз, мысалы:

  • өз аккаунтыңызды тіркеп;
  • біздің таратылымға жазылып;
  • электронды пошта, телефон арқылы немесе жазбаша түрде біздің Тұтынушылар туралы қамқорлық орталығымызбен байланысқа шығып;
  • сіздің «L’OR» өніміңізді тіркеп (онлайн тәсілмен де, өнімге қосымша берілетін, толтырылған карточканы жолдау арқылы да);
  • промо акцияларға, іс-шараларға, сайыстарға немесе онлайн форумдарға қатысып;
  •  «L’OR» өнімдерін немесе қызметтерін тікелей осы сайтта сатып алып;

Біздің веб-сайттарды ашқан кезде сіздің компьютерге немесе ұялы құрылғыңызға жүктелген cookie файлдары арқылы.

 

Сіздің дербес деректеріңізге қолжеткізуді ұсыну немесе оларды беру қалай жүзеге асады?

«L’OR»-дың өнімдерін сату және ілгерілету үшін жауапты болып JDE тобының бүкіл әлемдегі компаниялары табылатындығын сіздің назарыңызға жеткіземіз. Осының салдарынан, сіздің дербес деректеріңіз осындай елдерге ұсынылуы/берілуі мүмкін.

Кейбір үшінші мемлекеттер дербес деректердің құпиялығының қажетті деңгейін қамтамасыз етпейтіндігін назарға алыңыз. Бірақ, JDE сіздің деректеріңіздің құпиялығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті шараларды жүзеге асыратындығына сіз сенімді болыңыз.

JDE сондай-ақ сіздің дербес деректеріңізді бізге қызмет көрсететін үшінші тұғаларға немесе агенттерге, JDE атынан оларды өңдеу жөніндегі белгілі әрекеттерді орындау үшін ұсынуы мүмкін. JDE сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға оларды өз мақсаттарында пайдалану үшін сатпайды, бермейді немесе осы Саясатта қарастырылмаған басқа мақсаттарда бермейді. JDE осы мердігерлерден сіздің дербес деректеріңізді сенімді қорғауды қамтамасыз етуді талап етеді.

JDE бизнестерінің қандай-да біреуін (оның бөлігін) басқа компанияға сатуы мүмкін. Егер осындай сатылатын бизнес «L’OR» өнімдеріне қатысты болса, оны беру сіздің дербес деректеріңізді жаңа иесіне беруді де қамтуы мүмкін.

Біз сіздің дербес деректеріңізді, егер бұл заңға байланысты міндетті болып табылса, алаяқтықты болдырмау немесе күресу мақсатында, немесе дауларды шешу үшін, немесе нақты жағдайларда сіздің деректеріңізді құпиялық мүдделерінен асып түсуі мүмкін басқа да заңды мақсаттарда, мысалы, біздің бизнесіміздің қауіпсіздігі мүддесі немесе біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі сияқты жағдайларда ашатын боламыз. 

 

Сіздің таңдауыңыз

Егер сіз L’OR®-тың сайтында тіркелуді таңдап алсаңыз, сіз сонымен JDE-ге және оның өкілеттелген агенттеріне дербес деректерді жинауға, жазуға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), алып шығуға, пайдалануға, беруге (таратуға, ұсынуға, қолжеткізуге), тұлғасыздандыруға, бұғаттауға, өшіруге, жоюға және дербес деректерді жоғарыда аталған мақсаттарда басқа да түрде өңдеуге рұқсат бересіз. 

Біз сізге L’OR®-тың өнімдері туралы  сізге қызықты болуы мүмкін ақпаратты  электронды пошта арқылы, әдеттегі пошта арқылы және басқа коммуникациялық арналар арқылы жібергіміз келеді, бірақ біз мұны егер сіз біздің аталған ақпаратымызды алуға нақты келіссеңіз ғана жасайтын боламыз.

Осы жолы осы опцияларды таңдамау туралы сіздің шешіміңіз, сіздің бұрынырақ белгіленген басқа байланыс деректерін немесе басқа қолданушы аккаунтын пайдалану кезіндегі коммуникациялық ұнатуларыңызға әсер етпейтіндігін ескеруіңізді сұраймыз.

Сізде әрқашанда L’OR®  өнімдеріне қатысты кейінгі  JDE жөнелтімдерінен, келесі нұсқалардың бірін таңдап алып, бас тартуға мүмкіндігіңіз бар:

  • L’OR®-на жіберілген электрондық хаттардың төменгі колонтитулында орналасқан жазылудан бас тарту нұсқасын таңдап алып
    • Сіздің онлайн профиліңіздегі жөнелтулердің сәйкес баптауларын өзгертіп.

Егер сіз L’OR®-тың өнімдеріне қатысты қандай-да бір жөнелтімдерді алып тастаған болсаңыз, өңдеу іс-шарасының ерекшеліктеріне байланысты, сіз орындалу барысында тұрғандарды  әлі де біраз уақыт бойы алатындығыңызды есте сақтаңыз.

 

Біз сіздің ақпаратыңызды қалай қорғаймыз?

JDE осы ақпараттарды жоғалудан немесе құқыққа қарсы айналымға түсуден қорғау үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық қадамдарды жүзеге асырады. Бұл қауіпсіз тіркеу нысандарын пайдалануды, ақпаратты шифрлеуді және сіздің дербес деректеріңізге қолжеткізуді шектеуді қамтуы мүмкін. 

 

Сіздің дербес деректеріңізді қаншалықты ұзақ сақтаймыз?

Сіздің дербес деректеріңіз сіз өз аккаунтыңызды пайдаланудан бас тартқаннан кейін немесе оны өшіріп тастағаннан кейін пайымды қажет уақыт ішінде жойылатын болады. Біз заңгерлік міндеттемелерге сәйкес қажетті дербес деректерді ғана, дауларды шешу үшін немесе келісімдерді орындау үшін ғана сақтауды жалғастырамыз. 

 

cookie («Куки») файлдары

Cookie («Куки») – бұл қандай-да бір интернет-парағын ашқан кезде сіздің компьютеріңіздегі веб-браузерде орналасатын, деректері бар шағын файл. cookie файлында өз бетінше ақпарат жоқ және ақпарат жинамайды, бірақ веб-браузердің көмегімен сервердің оқуынан кейін, ол қызметтерді пайдалануды жеңілдетуге ықпал ете алады, мысалы, қателерді анықтай алады. cookie (Cookie Policy) файлдары туралы «L’OR-дың» саясатына cookie файлдарының не екендігі туралы және оларды біздің қалай пайдаланатындығымыз және бақылайтындығымыз жөнінде нақтырақ ақпарат алу үшін жүгінуіңізді сұраймыз. 

 

Балалар 

Біз жасы 16-ға толмаған балалардың Ғаламторды пайдалануына ата-аналардың бақылау жасауға белсенді қатысуын өтініп сұраймыз. JDE әдетте балалардан дербес деректер жинауға ниетті емес және тек қана балаларға мақсатты түрде жүгінуге ұмтылмайды. Бірақ, егер бізге балаға жауап беру керек болса, біз баланың сұрағына жауап берген немесе баланың талабын орындайтын жағдайды ескермегенде, баланың дербес деректерін пайдалануға дейін оның ата-аналарына немесе қамқоршысына пайымды мүмкіндік беру үшін біз күш-жігерімізді саламыз.

  

Осы Саясаттың өзгеруі

Біз L’OR®-тың осы Құпиялық саясатына уақыт өткен сайын өзгерістер енгізе аламыз. Сондықтан, біз сізге уақыт өткен сайын осы Саясатқа жүгінуді ұсынамыз. Соңғы өзгерістер осы Саясатқа 2016 ж. 14 маусымында енгізілді.

 

Сұрақтар және кері байланыс

Бізге құпиялық туралы өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен түсініктемелеріңізді privacy@jdecoffee.com  электронды мекен-жайына жолдауларыңыз сұраймыз

 

Бұдан басқа, сіз сондай-ақ кез келген уақытта өзіңіздің дербес деректеріңізге қол жеткізе аласыз және егер деректер дұрыс емес болса немесе сәйкес мақсаттарға арналмаған болса, түзетуді және /немесе алып тастауды талап ете аласыз. Бұл үшін сіз бізбен өз атыңыз бен мекен-жайыңызды көрсетіп privacy@jdecoffee.com электронды мекен-жайы бойынша байланыса аласыз.